Back To Top

Александр Винокуров команданың спорт жетекшісі қызметінен кетеді

Astana – Premier Tech командасы Александр Винокуровтың бұдан былай команданың спорт жетекшісі болмайтынын хабарлайды.

Команданың Директорлар кеңесі қабылдаған қазіргі шешімге қарамастан, Винокуров біраз уақыт өзінің басқарушылық міндеттерін орындамай, Astana – Premier Tech-тың құнды мүшесі болып қалады.

Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданың спорт жетекшісінің рөлін бірлесіп атқарады. Олар команданың күнделікті спорттық іс-шараларын ұйымдастыру үшін басқарушы директор Яна Зельмен бірге жұмыс істейді.

«Біз Александр Винокуровтың «Тур де Франсқа» қатыспайтындығын растаймыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі қызметін тоқтатқан. Александр бұрынғысынша, команда құрамында. Ол қазіргі уақытта команданың спорттық іс-шараларын басқармайды. Бірақ басқа міндеттерді орындауға ауысады. Осы кезеңде Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданы жарыстардағы көрсеткіштері бойынша басқарып, біздің шабандоздарды табысқа жетелеп,  жақсы жұмыс істей алады деп үміттенемін. «Тур де Франстан» бастап Стив Дмитрий Фофоновпен және Стефано Занинимен бірге жұмыс істейтін болады», – деді Astana – Premier Tech-тың басқарушы директоры Яна Зель.