Back To Top

Astana – Premier Tech командасы 2021 жылға арналған жаңа дизайнді ұсынады

Қазақстандық-канадалық команда 2021 жылғы маусымға арналған спорт киімінің жаңа дизайнын ұсынды.

Жаңа дизайнда дәстүрлі көгілдір түс графикалық ою-өрнекпен қара көк түске жалғасады. Бұл комбинация Қазақстанды және команданың жаңа серіктесі Premier Tech-ті біріктіреді.

Astana – Premier Tech командасы жоғарғы лигадағы 16-шы маусымын әлемге әйгілі Giordana компаниясының велоформасында өткізеді.

Astana – Premier Tech 2021-жылғы маусымды жаңа United We Race ұранымен бастауды мақсат етіп отыр – жарыстарда ауызбіршілік пен бірліктен команда күш алады!

Біз барлығымыз – шабандоздар, механиктер, массажистер, спорт директорлары және команданың барлық қызметкерлері!

Бізде бәрімізге ортақ нәрсе бар:

Біз бәріміз әлемдегі ең әдемі спорт түрін жақсы көреміз,

Біз командамыздың жарқын әрі бай тарихымен мақтанамыз,

Біз бір шаңырақ астында бірігеміз,

Бізді жарыс стилі біріктіреді.

Біз тек жарыстарға қатысып қана қоймаймыз, додаларда бір бүтінге айналамыз.

Біз – Астана – Premier Tech командасы!

Біздің күшіміз – бірлікте!