Back To Top

Astana Qazaqstan Team шабандоздары Азия чемпионатында керемет өнер көрсетті

Astana Qazaqstan Team командасының шабандоздары Қазақстан ұлттық құрамасының сапында жүріп Азия біріншілігіне қатысты. Тайландтың Районг қаласында өткен жарыста біздің жігіттер жүлделі орындарға жайғасты.

Глеб Брусенский мен Евгений Гидич Элита (156 ш) деп аталатын топтық кезеңде бірінші және екінші орындарды иемденді.

«Жарыс жеңіл өтті дей алмаймыз, себебі дода басталысымен шабуылдан шабуыл болып кетті. Мәреге 25 шақырым қалғанда мен шабуылға шықтым. Артымнан Евгений Гидич пен Дмитрий Груздевтер ілесе кетті. Қапталдан соққан желге тап болған кезімізде Дмитрий алға озып шықты. Соның арқасында біз қуғыншы топтан ары ұзап кете бердік. Содан кейінгі тағы бір шабуыл кезінде алдыңғы бөлікте Дмитрий, мен және Араширо үшеуміз қалдық. Спринттің әрқашан лоторея екенін біз жақсы білеміз. Сондықтан мен 2 шақырым қалғанда тағы бір шабуыл жасап көрейін деп шештім. Дәл осы шабуыл маған жеңіс әкелді. Өткен жылы жастар арасындағы жарыста жеңімпаз атанғанмын, ал биыл ересектер арасында да топ жарып отырмын. Әріптестерім Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Евгений Федоров пен Игорь Чжанға алғысым шексіз. Олар мені бүгін қатты қолдады», – деді Глеб Брусенский.

Бірер күн бұрын Евгений Федоров өзінің өткен жылғы жетістігі – Азия чемпионатының жекелей сындағы 46 шақырымдық жарысында жеңімпаз атанғанын қоса кетейік.

«Аралық бақылау межесі бар жарыста жеңімпаз атану менің негізгі мақсатым болған. Демек, менен керегі өзімнің бар күшімді көрсету болатын. Күллі жарыс жолы бойында мен үлкен қарқынмен жұмыс істеп отырдым. Күн райы да келісті болып тұрды дей алмайсыз. Ең бастысы Қазақстан үшін бағалы медаль әкелгеніме ризамын. Алтын жүлде алып, 2022 жылғы нәтижемді қайталадым», – деді Евгений Федоров.

Азия чемпионаты басталған кезде Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Игорь Чжан қыздар командасындағы Марина Кузьмина, Рината Сұлтанова және Махаббат Үмітжановалармен бірге аралас эстафетада бірінші орын алды.  

Astana Qazaqstan Development Team құрлықтық командасының өкілі Андрей Ремхе 23 жасқа дейінгілер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанды.

Photo: @ThaicyclingAssociation