Astana Qazaqstan Team: «Тур де Франсқа» арналған жаңа дизайндегі веложейде
Astana Qazaqstan Team Giordana компаниясының веложейдесінің жаңа дизайнын ұсынады. Жаңа дизайндегі жейдеде шабандоздар 1 шілдеде Испанияның Бильбао қаласында басталатын «Тур де Франс 2023» жарысында өнер көрсетеді.
Бірегей дизайнда пайдаланылған графикада Қазақстан жері бай минералдардың, асыл тастардың және пайдалы қазбалардың суреті бейнеленген.
Қайталанбас тартымды сурет минералды тастардың аспанның көгілдір түсімен, алтын күн, сондай-ақ Қазақстан туының элементтерімен үйлесімділіктен туындаған.
Astana Qazaqstan Team «Тур де Франс» жарысында өнер көрсететін жейде бір жағынан Қазақстанның әйгілі табиғи ресурстарын көрсетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан өз салаларындағы Қазақстан экономикасының екі көшбасшысы – KAZ Minerals пен Freedom Broker компанияларымен жаңа серіктестіктің жасалғанын білдіреді.
Дизайн Albertdesign компаниясымен бірлесіп әзірленген.