Back To Top

Кристиан Скарони Astana Qazaqstan Team командасымен келісім-шартты ұзартты

Италиялық велошабандоз Кристиан Скарони (26 жаста) қазақстандық Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартын тағы бір маусымға (2024) ұзартты.

«Келесі жылы менің басты мақсатым – жеңіске жету. Кем дегенде бірінші орын иелену үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын. Биыл бірнеше жүлделі орындарға ие болдым және Топ-10-дық қатарынан көріндім. Алайда, жеңіске жете алмадым. Келесі маусымда бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін. Сонымен қатар өз деңгейімді, биылғы жылы жарыстардағы нәтижелерімді паш еткім келеді. Біздің команданың жаңа бағытта өзгергені рас. Жаңа маусымда Марк Кавендишке көмектесу үшін де, басқа салаларды нығайту үшін де көптеген мықты шабандоздар келіп жатыр. Мен команданың табысты болатынына сенімдімін және оның бір бөлігі болып, командама маған берілген мүмкіндік пен сенімді ақтау үшін өз үлесімді қосқым келеді», – деді Кристиан Скарони.

Кристиан Скарони 2023 жылғы маусымды жоғары деңгейде өткізді. Оның басты нәтижесі – «Норвегияның Арктикалық» жарысының жалпы есебінде екінші орын иеленуі. Оған қоса шабандоз алғашқы ондықта бірқатар жүлделі орындарға ие болды. Скарони «Коппа Берноккиде» 7-ші, «Джиро д’Италияда» 8-ші нәтиже көрсетті. «Индустрия және Артиджанато гран-приі» жарысында, Италия чемпионатының топтық жарысында 9-шы,  «Мигель Индурайн Гран Приінде» 10-болып мәреге келді.  

«Кристиан – ең алдымен классика мен бір күндік жарыстарда әлеуеті зор, мықты шабандоз. Ол биыл айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ жыл бойы көптеген шабандоздар мен командаларды мазалап жүрген денсаулық мәселесіне байланысты өз әлеуетін толық көрсете алмады. Жаңа маусымда бәрі басқаша болады деп сенеміз. Дайындық жоспар бойынша өтіп, жарыстарда Кристиан да, басқа жігіттер де өз мүмкіндіктерін толық көрсете алады деп сенім артуға болады», – деді Astana QazaqstanTeam бас менеджері Александр Винокуров.

Photo credit: @SprintCycling