Back To Top

Vittoria – Astana – Premier Tech командасының 2022 жылға дейінгі жаңа серіктесі

Команда Astana – Premier Tech велесебед дөңгелектерін жасайтын Vittoria компаниясымен жаңа келісімге келгенін қуанышпен хабарлайды. Компаниямен келісім-шарт екі маусымға – 2021 және 2022 жылдарға арналған.

Биылғы және келесі маусымдарда қазақстандық-канадалық команданың шабандоздары графенмен жақсартылған жоғары сапалы Vittoria дөңгелектерімен жүреді.

  • Vittoria Corsa – бұл көптеген жарыстарда сенімді және жылдам резеңке ретінде қолданылатын велосипед дөңгелегі.
  • Vittoria Corsa Speed ​​– жекелей уақытқа және командалық жарыстарға арналған өте жеңіл және серпімді резеңке.
  • Vittoria Corsa Control – бұл беріктігі мен төзімділігі жоғары болуына байланысты тастақты аймақта өтетін классикалық жарыстар үшін ең жақсы таңдау.

«Vittoria компаниясының біздің командаға техникалық серіктес ретінде қосылғанына қуаныштымыз. Біз компанияның жоғары құзыреттілігі мен оның бай тарихынан хабардармыз. Бұл Astana – Premier Tech шабандоздарына ең жақсы велосипед дөңгелектерінде бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Шабандоздар Vittoria доңғалақтарын қаңтардағы оқу-жаттығу жиынында сынақтан өткізіп көрді және біз олардан жақсы пікір естідік. Сондықтан Vittoria-мен бірге ең жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз»,деді «Astana – Premier Tech» командасының басқарушы директоры Яна Зель.

«Біздің шиналар пелотонда тағы бір үлкен команда – Astana – Premier Tech-тың таңдауы болғанын компания мақтан тұтады. Команданың Vittoria-ға деген сенімі графенмен жақсартылған қосылыстар қолданатын дөңгелектеріміздің сенімділігі мен өнімділігін растайды. Шабандоздардың пікірі біздің эксклюзивті технологиямызды одан әрі жетілдіруге көмектеседі. Біз барлық Astana-Premier Tech шабандоздарына Vittoria дөңгелектерінде сәттілік тілейміз»,деді Vittoria компаниясының коммерциялық директоры Эрнесто Гарсия Доминго.