Джиро д’Италия. 18-кезең. Көшбасшы топта болған Самуэле Баттистелла 6-нәтиже көрсетті
Astana – Premier Tech командасының екі шабандозы Самуэле Батистелла мен Горка Исагирре жарыстың алғашқы 30 шақырымынан кейін құрылған «Джиро д’Италияның» ең ұзақ кезеңіндегі көшбасшы топта болды. Екі шабандоз да жарыс күнін белсенді әрі тамаша өткізді. Ал соңғы 30 шақырымда қысқа, бірақ тік орналасқан асуда екеуі де бірнеше мәрте шабуылдарымен көзге түсті. Алайда, шешуші шабуылға италиялық шабандоз Альберто Беттиола шықты. Ол алдымен шабуылшы Реми Каваньяны қуып жетіп, содан кейін шабуылын жалғастырып, жекелей жеңіске жетті.
Самуэле Батистелла қуғыншылардың бірінші тобында жарысты аяқтап, 6-нәтиже көрсетті.Бұл Astana-Premier Tech шабандозының «Джиро д’Италияда» алғаш рет көшбасшы топта болуы.
«Бүгін көшбасшы топта болу үшін бағымызды сынап көруге мүмкіндігіміз болды. Себебі бұл біздің ыңғайымызға жақсы келетінін түсіндік. Нәтижесінде Горка екеуіміз қажетті топта болдық. Біз жарыс күнін алдыңғы қатарда жақсы өткіздік. Бұл өте ұзақ кезең болды. Дегенмен маған ұнады. Финалда алғашқы тауда қарсыластарымның шабуылынан озып шыққым келді. Бірақ жоспарым жүзеге аспады. Содан кейін Горка бағын сынап көрді, бірақ ол да нәтиже бермеді. Соңында, мен ең жақсы нәтиже көрсету үшін 100% барымды салуға тырыстым. Біздің топтың спринті аздап ретсіз болып шықты. Алайда мен мәреге 6-болып келдім. Жеңіс үшін таласқым келді. Дегенмен бүгін өте құнды тәжірибе алдым», – деді Самуэле Батистелла.
Горка Исагирре мәре сызығын 21-болып кессе, ал пелотон финишке кезең жеңімпазынан 23 минут 30 секундтан соң келіп жетті.
Кезеңнің қорытындысы жалпы есепке ешқандай өзгерістер әкеле қойған жоқ: Эган Берналь бұрынғысынша, көш басында тұр. Көшбасшыға 6 минут 3 секунд уақыт ұтылған Александр Власов 4-орынды сақтап қалды.
Джиро д’Италия, 18-кезең. Роверето – Страделла, 231 шақырым.
Кезеңнің үздік үштігі: 1. Альберто Беттиоль (EF Education – Nippo); 2. Симоне Консонни(Cofidis, Solutions Credits); 3. Николас Рош (Team DSM).
Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 6. Самуэле Баттистелла; 21. Горка Исагирре; 45. Александр Власов.
Photo credit: @Getty Images