Back To Top

May 2021

News

104-мәрте ұйымдастырылған «Джиро д’Италияның» бүгін соңғы таулы кезеңі өтті. Шабандоздар финалдық Альпе-Мотта шыңы алдында теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан екі асуды бағындырды. Жарыстың шешуші сәті Пассо Сан Барнардино асуына бастайтын жолда, италиялық велошабандоз Дамиано Карузо мен оның командаластары шабуылға шыққан

Джиро д'Италия аяқталуға жақын. Ал үшінші апта екі таулы кезеңмен және Миландағы финалдық жекелей жарыспен аяқталады. Соңғы екі таулы кезеңнің біріншісі бүгін өтті. Шабандоздар Альпе-ди-Мера шыңында жарысты аяқтады. Александр Власов финалдық асуда басқа фавориттердің соңына түсіп, жекелей шабуылымен өзін тамаша қырынан

Astana – Premier Tech командасының екі шабандозы Самуэле Батистелла мен Горка Исагирре жарыстың алғашқы 30 шақырымынан кейін құрылған «Джиро д'Италияның» ең ұзақ кезеңіндегі көшбасшы топта болды. Екі шабандоз да жарыс күнін белсенді әрі тамаша өткізді. Ал соңғы 30 шақырымда қысқа,

Astana – Premier Tech командасы «Критериум дю Дофине» көпкүндігінің жалпы есебінде және жеке кезеңдерде жеңіске жету үшін мықты шабандоздар құрамымен жарыс жолына шығады. Йон Исагирре спорттық мансабында алғаш рет осы франциялық велододада команда капитаны болады. Оның мақсаты - жарыстың жалпы классификациясында

Әрқайсысы 2000 метрден жоғары үш асумен «Джиро д'Италияның» 16-кезеңі патшалық таулы кезең ретінде өтті. Бірақ ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты ұйымдастырушылар үш асудың екеуін, яғни Пассо Федайя мен Пассо Пордойды жарыс жолынын қысқартуға мәжбүр болды. Жоспарланған 212 шақырымның орнына 153 шақырымға дейін

Кампо Феличе асуында мәресіне жеткен қиын таулы кезең «Джиро д’Италияның» бас классификациясына айтарлықтай өзгерістер алып келді. Astana – Premier Techкомандасының капитаны Александр Власов таулы кезеңде мәреге үшінші болып келіп, италиялық суперкөпкүндіктің жалпы есебі бойынша 3-орынға көтерілді. Власов жарысты өте тамаша өткізді.

Astana – Premier Tech командасы екі испаниялық веложарысқа – «Андалусия Вуэльтасы» (18 - 22 мамыр) және «Мурсия Вуэльтасына» (23 мамыр) қатысады. Команда құрамы: Глеб Брусенский, Евгений Гидич, Юрий Натаров, Бенжамин Перри, Оскар Родригес, Никита Стальнов, Йонас Грегаард Вилсли. Спорт директорлар: Дмитрий Муравьев,

«Джиро д'Италияның» 6-кезеңі мәресіне жетті. Бұл барлық шабандоздар үшін нағыз сынақ болды. Ауа-райының қолайсыздығы - толассыз жауған жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуі онсыз да үш асуы бар жарыс жолында қосымша қиындықтар туғызды. Александр Власов жарыс жолының соңғы шақырымдарына дейін фавориттер тобында,

Astana – Premier Tech командасы 12-16 мамыр аралығында өтетін 2.1 дәрежелі «Венгрия туры» көпкүндігіне қатысады. Команда құрамы: Мануэле Боаро, Стефан Де Бод, Евгений Федоров, Давиде Мартинелли, Хавьер Ромо, Артем Захаров. Спорт директоры: Стив Бауэр. Жарыс туралы ақпарат: https://www.tourdehongrie.hu

Astana – Premier Tech командасының көшбасшысы Александр Власов 104-мәрте ұйымдастырылған Джиро д'Италия суперкөпкүндігінің қысқа, бірақ жоғары жылдамдықпен Туринде өткен жекелей жарыста лайықты нәтиже көрсетті. 8,6 шақырымдық жарыс жолында бар күшін салып, Власов екінші аралық нәтижемен сайысты аяқтап, бірінші кезеңнің қорытындысы