Back To Top

Альпі туры. 1-кезең. Фабио Феллине мәреге 4-болып келді

Аустрияда Инсбрукке дейін өткен кезеңмен «Альпі туры» көпкүндігі басталды. Astana – Premier Tech шабандозы Фабио Феллине төртінші, ал оның командаласы Луис Леон Санчес 11-ші болып мәреге келді.

Кезең басталғаннан кейін көп ұзамай үш шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрылды. Ал қазақстандық-канадалық команда жарысты бақылауға алып, көшбасшы топтың ізіне түсті. Нәтижесінде олар 140 шақырымдық жарыс жолының екінші жартысында шабандоздарды қуып жетті.

Мәреге шамамен 20 шақырым қалғанда пелотон көшбасшы топты қуып жетті. Содан кейін көптеген шабандоздар шабуылда өз күштерін сынай бастады. Александр Власов пен Луис Леон Санчес пелотон алдында өте белсенді болды. Бірақ шешуші шабуылды италиялық Джанни Москон жасады. Ол қысқа асуда және мәреге бастайтын жолда сәл басымдылыққа қол жеткізді. Соған қарамастан мәреге жақындағанда Москонды норвегиялық Идар Андерсен қуып жетті. Алайда италиялық шабандоз жеңіске жетті. Андерсен мәреге екінші болып келді. Бірақ пелотон мәре сызығында оны қуып жетті. Спринтте Александр Рябушенко үшінші орынға ие болды, ал Фабио Феллине пелотоннан екінші болып келіп, кезеңде төртінші орынды иеленді.

«Бүгінгі нәтиже жаман емес. Команда ретінде біз бұл кезеңді жарыс басталған сәттен бастап, көшбасшы топ алға озғаннан кейін өте жақсы жүріп өттік. Әрине, негізгі жұмыс жалпы есептегі нәтиже үшін жасалды. Біздің уақыт жоғалтқымыз келмеді. Бірақ, басқа мақсаттар да болды – финалдағы спринт немесе мәреге бірнеше шақырым қалғанда Луис Леон Санчестің шабуылы. Нәтижесінде, жарыс жолының соңғы үш-төрт шақырымында Moscon шабуылдаған кезде жеңісті уыстан шығарып алдық.  Дегенмен, ұзақ үзілістен кейін төртінші орын иелену – жақсы нәтиже. Бірақ, команда жасаған барлық жұмыстарды ескеретін болсақ, менің біраз көңіл-күйім түсті. Келесі күндері жарыстың қалай өрбитінін көреміз. Біздің негізгі мақсатымыз жалпы есеп және Джиро д’Италияға соңғы дайындық», – деді Фабио Феллине.

Альпі туры, 1-кезең. Бриксен – Инсбрук, 140 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Джанни Москон (INEOS Grenadiers); 2. Идар Андерсен (Uno-X Pro Cycling Team); 3. Александр Рябушенко (UAE Team Emirates).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 4. Фабио Феллине; 11. Луис Леон Санчес; 43. Вадим Пронский.