Back To Top

Жаңалықтар

News

Аустрияда Инсбрукке дейін өткен кезеңмен «Альпі туры» көпкүндігі басталды. Astana - Premier Tech шабандозы Фабио Феллине төртінші, ал оның командаласы Луис Леон Санчес 11-ші болып мәреге келді. Кезең басталғаннан кейін көп ұзамай үш шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрылды. Ал қазақстандық-канадалық команда

56-шы мәрте ұйымдастырылған «Президенттік Түркия туры» көпкүндігі бүгін сегізінші кезеңмен Кушадасыда аяқталды. Astana – Premier Tech шабандозы Мерхави Кудус соңғы кезеңде жекпе-жек рухын танытып, кезеңнің жалпы есебіндегі жағдайды жарыс жолының соңғы метріне дейін өзгертуге тырысты. Алайда, нәтижесінде Қудус түрік велододасының

«Түркия турының» Мармаристен Тургутрейске дейін өткен жетінші кезеңінде  күні бойы жел соқты. Жылдамдық өте жоғары болғандықтан және асулардың көп болуына байланысты шабуылдар толастамай, кезең жылдам өтті әрі қиынға соқты. «Біз жарыс күнін барынша қиындатуға тырыстық. Алғашқы асуда пелотонда іріктеу жүргізу үшін

Astana – Premier Tech командасының шабандозы Йон Исагирре «Баск елдері турының» соңғы алтыншы кезеңінде 11-ші нәтиже көрсетіп, жарыстың жалпы есебі бойынша 10-шы орынға ие болды. Қазақстандық-канадалық команда жарысты өте белсенді бастап, патшалық кезеңнің алғашқы шақырымынан шабуылға шықты. Алекс Аранбуру мен Омар

Йон Исагирре Сан-Себастьянның Хондарибия маңында аяқталған «Баск елдері турының» төртінші кезеңінде спринтте жеңіске жетті. Бұл жетістік Astana – Premier Tech үшін осы аптада Алекс Аранбурудың екінші кезеңдегі жеңісінен кейінгі екінші жүлде болды. Исагирре алты шабандоздан құралған топпен соңғы асудан бастап төменге

Алекс Аранбуру Astana - Premier Tech командасына 2021 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісті сыйлады. Соңғы құлдидағы жекелей шабуылдан кейін Аранбуру фавориттер тобынан басымдылығын сақтай отырып, «Баск елдері турының» екінші кезеңінде жеңіске жетті. Бұл жетістік оның Әлемдік турдағы алғашқы жеңісі болды. Аранбурудың жеңісінің

Бүгін Бильбаода «Баск елдері турының» алғашқы кезеңін Алекс Аранбуру керемет өткізді. 13,89 шақырымдық жекелей жарыста Аранбуру 9-орынға ие болып, кезең жеңімпазы және жалпы есептің көшбасшысы Примож Рогличке небәрі 30 секунд қана ұтылды. «Мен өзімді «Индурайн Гран-приіндегіден» де едәуір жақсы сезіндім. Сондықтан

Канадалық велошабандоз Уго Уль монументалды классикалық «Фландрия турында» 150 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, жарыс күнін керемет өткізді. Сайыс басталғаннан кейін бірден шабуылдар басталды. Шабандоздар тобының бірі тіпті 40 секундтай алға озып кетті. Бірақ, тартысты бәсеке мұнымен аяқталған жоқ. Astana –

«Мигель Индурайн Гран-приінде» тамаша өнер көрсеткен Astana - Premier Tech командасы жарысты қос жеңіспен аяқтады. Қазақстан чемпионы Алексей Луценко 2-орын иеленсе, ал Испания чемпионы Луис Леон Санчес 3-орынға ие болды. Омар Фрайле жарысты 9-болып аяқтап, командалық есепте жеңісті қамтамасыз етті.

Жас кәсіпқой шабандоз Хавьер Ромо өзінің алғашқы велосипед маусымында көпкүндік жарыста болашағынан зор үміт күттіретін спортшы екенін көрсетіп, бүгін Италияда аяқталған Халықаралық Коппи-Бартали апталығының бас классификациясында бесінші орынға ие болды. Жарыстың соңғы бесінші кезеңінде Ромо сегізінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіш